Біз сізге GlobeClean ғажайып жобаларының бірі – плиталар мен тұмшапештерді тазартуға арналған құралды ұсынуға қуаныштымыз. Май, күйген немесе кеуіп қалған лас – мұның бәрі сіздің тап көз алдыңызда жоқ болып кетеді. Енді пісіру бетін металл жөкемен тырнаудың немесе оны тазалауға көп уақыт пен күш жұмсаудың қажеті жоқ. Микротолқынды пешті, тұмшапешті, пісіру тақтасын және гриль торларын тазалықпен жарқыратып, үйіңізді жайлы және әдемі ету үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау жеткілікті.
ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ Жуғыш заттың аз мөлшерін тазартылатын бетке жағыңыз, ластану дәрежесіне қарай 5-30 минутқа қалдырыңыз, содан кейін жөкемен сүртіңіз және сумен жақсылап шайыңыз. Қажет болса, процедураны қайталаңыз. Алюминий беттерінде қолдануға болмайды. Қолданар алдында құралды байқалмайтын жерде тест жүргізіп көріңіз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: жуғыш затты қолданған кезде қолғап киіңіз. Теріге тиюден аулақ болыңыз. Көзге тиген кезде сумен жақсылап шайыңыз. Жуғыш затты жұтып қоймаңыз. Кездейсоқ жұтып қойсаңыз, 1-2 стакан су ішіңіз, қажет болса дәрігерге қаралыңыз. Басқа жуғыш заттармен араластырмаңыз. Балалардан алыс сақтаңыз!
САҚТАУ ШАРТТАРЫ:
Жуғыш затты балалардың қолы жетпейтін жерде, +5 °C-тан +30 °C-қа дейінгі температурада, тікелей күн сәулесінен қорғалған, тағамнан бөлек, жабық ыдыста сақтаңыз. Қолданғаннан кейін бос ыдыстарды тұрмыстық қоқыс ретінде тастаңыз.
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ:
Шығарылған күннен бастап 18 ай. Партияның өндірілген күнін қаптамадан қараңыз. Партия нөмірі өндірілген күніне сәйкес келеді.
Құрамы: Тазартылған су, анионды беттік белсенді заттар 5-15% – дан аз, иондық емес беттік белсенді заттар <5% – дан аз, натрий гидроксиді, табиғисызданған спирт, консервант, бояғыш, хош иісті композиция. ТУ У 20.4-32174727-004:2022
ӨНДІРУШІ:
“Завод Укрбудмаш” ЖШҚ, Украина, 36034, Полтава қ., Садовский к-сі, 8. Тел: +38 (063) 431 53 50, сайт: globe-clean.com
Номиналды көлемі 5000 мл Арт. 18120